Реферат христофор колумб 5 класс

Реферат христофор колумб 5 класс Оңтүстік Американың саяси картасымен таныстыру. Оқыту әдісі: Көрнекілікті — түсіндірмелі, сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері. Сабақтың көрнекілігі: Оңтүстік Американың физикалық картасы, атлас картасы, кескін картасы, слайдтар, сызбалар, интерактивті тақта.

Ал, балалар біз қандай материкті қөарастырып жатырмыз? Ендеше, үй тапсырмасын мына кестені толтырумен еске түсірейік. Ал, ойын ойнауға қалай қарайсыңдар? Ойын «Ойландырған сұрақтар» деп аталады. Енді дәптерлеріңді ашып жаңа тақырыпты жазып алыңдар. Оңтүстік Америка материгінде казіргі кезде 391 млн — нан астам халық тұрады. Олар калыптасуы мен нәсілдік, ұлттық құрамы жағынан алуан түрлі халықтардың жиынтығынан құралған.

Материкке адамдар алғаш рет бұдан 15 — 17 мың жыл бұрын Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкадан қоныс аударған. Сондай — ақ адамдар Африка мен Мұхит аралдарынан да келді деген болжам бар. Христофор Колумб Америка дүние бөлігін ашқанға дейін үндістер рулық — тайпалық қоғамдық құрылыста өмір кешіп аңшылықпен, балық аулаумен айналысқан. Анд тауларын мекендеген үндістер дамудың жоғары сатысына көтеріліп, Инктер империясын құрған.